AAA
Обычный Черный

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны («ОПДО» МКҚК) психикалық бұзылыстармен сырқаттанған адамдарға стационарлық жағдайда тексеру жүргізетін және

емдейтін, амбулаториялық емдеуді және әлеуметтік-еңбектік оңалтуды жүзеге асыратын емдеу-профилактикалық мекемесі болып табылады.

Қазақстан Республикасы аумағында психикалық аурулармен ауыратын науқастарға көмек көрсетуді ұйымдастырудың бастауындаалғашқы1861 жылы Орал облысындаақыл-есінен алжасқандар үйінің ашылуы тұрды.

Ақыл-есінен алжасқандар үйінің Орал казактары әскерінің ауруханасы жанынан 10 кереуеттік психиатрия бөлімшесі болып қайта құрылуы науқастарға қарапайым медициналық жәрдем көрсетудің бастауы болатын.

ХIХ ғасырдың аяғында Жымпитының Земстволық ауруханасында осындай науқастарға арналған 6 кереуеттік орын бөлініп, ол 1920 жылға дейін жұмыс істеді.

1956 жылға дейін Орал облыстық клиникалық ауруханасының психоневрологиялық бөлімшесі құрамында психиатриялық науқастарға 15-тен 25-ке дейін кереуеттік орын болды.1956 жылы 1-шілдеде Оралда 75 орындық психоневрологиялық диспансер ұйымдастырылды. Бас дәрігері болып Гельчинский Исаак Яковлевич тағайындалды. 1965 жылы типтік жобадағы облыстық психиатриялық аурухана құрылысы басталып, 1969 жылы бір емдеу корпусы пайдалануға беріледі, ал құрылыс толықтай 1973 жылы аяқталды.

1973 жылдан бастап Орал қаласында Қазақстан Республикасындағы ең үздік ауруханалардың бірі саналатын 700 орындық облыстық психиатриялық аурухана жұмыс жасап келеді. Аурухананың алғашқы бас дәрігері Письман Семен Петрович болды.

1992 жылы Орал облыстық психиатриялық ауруханасы Батыс Қазақстан облысының психикалық денсаулық орталығы болып қайта құрылды.

2005 жылы Батыс Қазақстан облысының психикалық денсаулық орталығының атауы БҚО «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

2009 жылы БҚО «ОПДО» ММ Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» атауына ие болды.

2011 жылдан бастап «ОПДО» ММ Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып аталады.







Жаңалықтар

24 июня 2019 г.
22 –маусымда демалу саябағында Нашақорлыққа қарсы күресу жөніндегі халықаралық күніне орай (26-маусым) «Салауатты әдеттер марафоны» акциясы өткізілді, аталған іс-шараға қалалық емдеу мекемелерінің, ОСӨСҚФ медицина қызметкерлері, есірткі саудасына қарсы күресу жөніндегі қызметкерлер, «Жас қанат» ЖҰ, ОПДО қызметкерлері (психиатр-нарколог дәрігерлер, психолог, социолог, БҚО ДСБ штаттан тыс бас наркологы және т.б.) қатысты.
14 июня 2019 г.
2019 жылғы 14-маусымда медицина қызметкерлері күні мерекесіне орай, Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында салтанатты кеш өткізілді, аталған салтанатты іс-шарада медицина саласының үздік қызметкерлері,
14 июня 2019 г.
2019 жылғы 14-маусымда БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК базасында Медицина қызметкері күніне орай салтанатты жиналыс оздырылды.