AAA
Обычный Черный

Құру туралы

Мекеме туралы

 

     БҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны («ОПДО» ШЖҚ МКК) стационарлық қарап-тексеруді және емдеуді, амбулаторлық емдеуді, стационарды алмастырушы көмекті және  психикалық, соның ішінде наркологиялық аурулармен ауыратын адамдарды әлеуметтік-еңбек оңалтуды жүзеге асыратын емдеу-профилактикалық мекемесі болып табылады

   Қазақстан Республикасында психикалық денсаулықты қорғау қызметін дамыту концепциясы шеңберінде, БҚО әкімдігінің 16.02.2018ж. қаулысы негізінде, «Облыстық психикалық денсаулығы» МКҚК және ШЖҚ «Облыстық наркологиялық диспансер» МКК қосу жолымен, ШЖҚ «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» МКК болып қайта құрылды.

    Облыстық психикалық денсаулық орталығы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында келесі мекен-жайлар бойынша орналасқан:

  1. Орал қ. Есенжанов көшесі, 17 мекен-жайында орналасқан психиатриялық қызмет:
  2. Ауысымына 125 келушіге арналған диспансерлік бөлімше.
  3. 25 койкалы невроз бөлімшесі
  4. 25 койкалы балалар бөлімшесі.
  5. Жалпы стационар: әрқайсысы 60 койкалы 2- ерлер бөлімшесі  50 койкалы  2-әйелдер бөлімшесі.
  6. Психикалық науқастарға арналған 25 койкалы туберкулезге қарсы бөлімше.
  7. 70 койко-орынға арналған күндізгі стационар
  8. 10 койкалы мейіргерлік күтім бөлімшесі

Орал қ. Алматы көшесі, 60 мекен-жайында орналасқан наркология қызметі.

Құрылымдық бөлімшелері:

  1. Ауысымына 34 келушіні қабылдайтын амбулаторлық-емханалық бөлімше.
  2. 45 койкаға арналған жалпы стационарлық бөлімшесі (кәмелетке толмағандарды емдеу үшін 3 койка, әйелдерді емдеу үшін 5 койка бөлінді).
  3. 20 койкалы күндізгі стационар.
  4. Ақса қ. 10 койкалы филиалы бар, 50 койкалы Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығы (УБжУО).
  5. Психобелсенді заттарды шектен тыс мөлшерде қолданатын науқастарды мәжбүрлі түрде емдеуге арналған арналған 145 койкалы емдеу-профилактикалық мекемесі,

Мекен-жайы Орал қ. Кердері көшесі, 26.

МИССИЯ

             Салауатты өмір салтын насихаттауды күшейту, халыққа медициналық қызмет көрсетуді  жақсарту, психикалық аурумен ауыратын адамдарға психиатриялық (наркологиялық) көмек көрсету сапасын арттыра отырып, азаматтардың психикалық денсаулығын нығайту арқылы қоғамдық денсаулық сақтау деңгейін арттыру.

            Психосоматикалық ауруларды ерте анықтауға, балалық және жасөспірім кезіндегі мінез-құлық бұзылыстарын түзеуге, рецидивтің алдын алуға, тұрақты ремиссияны қалыптастыруға, пациенттерді қайта орналастыруға бағытталған психикалық аурумен ауыратын адамдарға психиатриялық көмекті жоспарлау және көрсету жүйесін құру.           

     Психиатриялық (наркологиялық) қызметті басқарудың және жоспарлаудың тиімді жүйесін қолдау, психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар науқастардағы ұзақ мерзімді ремиссиялардың санын көбейту (F00-99), халықтың қазіргі қажеттіліктеріне жауап беретін алкогольге, есірткіге қарсы өмір салтын қалыптастыру.