AAA
Обычный Черный

Денсаулық мектебі

ДЕНСАУЛЫҚ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ЖҰМЫС РЕГЛАМЕНТІ

 

 

Атауы

 

Кабинет,

қабат

 

 

Орындаушы

 

Өткізілетін

күні/уақыты

 

1

 

«Артериалды гипертония» мектебі

 

 

Бас корпус,

2-қабат

 

Шадаева А.Ж. –

СӨС дәрігері

 


жұмыс күндері

8.00-11.30

 

2

 

«Мінез-құлықтағы тәуекелдік факторлары»

Мектебі

 

 

Бас корпус,

2-қабат

 

Шадаева А.Ж. –

СӨС дәрігері

 


жұмыс күндері

8.00-11.30

 «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында 24 ақпан - 23 наурыз аралығында «Қазақстан туберкулезсіз мемлекет!» ұранымен Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне (24 наурыз) орай туберкулез профилактикасы бойынша айлық өтуде. Наурыз айының 11-жұлдызында «Облыстық туберкулез диспансері» МКҚК-ның хирург-дәрігері С.З.Жұрғалиеваның қатысумен «Туберкулез – проблемалар және профилактика шаралары» тақырыбында семинар өткізілді. Оған 45 адам қатысты.  

 Шылым шегу Сіздің денсаулығыңызға зиянды!»

Сигареттерде үш түрлі улы заттар: никотин, құрамында канцерогенді заттары бар шайырлар және көміртек тотығы болады. Сигарет түтінінің өзі-ақ улы және зиянды екені сөзсіз.

Никотин – негізінен жүйке, тыныс алу және жүрек-қан тамырлары жүйелеріне, сондай-ақ ас қорытуға әсер ететін өте күшті улы зат. Сонымен қатар никотин ағза тәуелділігін туғызады. Ұзақ уақыт жұмыс істеген кезде адамдар сергектік сезімін «шақыру үшін» жиі-жиі шылым шегеді. Ал шын мәнінде бұл никотиннің қысымдық әрекеті нәтижесінде ағзаның бұрынғыдан да бетер шаршауына әкеліп соқтырады. Кейбір шылым шегушілер сигарет сүзгілері (фильтрлері) темекі түтініндегі зиянды заттарды жойып, оны зиянсыздандырады деп ойлайды. Бірақ, өкінішке орай, бұлай емес. Темекіні шегіп болғанша сүзгілер түтін құрамындағы зиянды заттардың 20 пайызынан аспайтынын ғана ұстап қалады. Сондықтан түтіндегі зиянды заттардың көбі өкпеге түседі. Темекі шегушілердің тістері ауру, сүреңсіз сары түсті болып, ауыздарынан жағымсыз иіс шығып тұрады. Мұның себебі – түтін температурасы ауыз қуысының шырышты қабығына және мұрынның тыныстық жолына әсер етеді. Олардың капиллярлары кеңиді және шырышы тітіркенуге ұшырайды, қабынады.

Канцерогенді заттары бар шайырлар «темекі шегуші жөтеліне» әкеледі. Олар өкпенің шырышты қабықтарын тітіркендіреді. Темекіні үнемі шегумен, әдетте, бронхит, дымқылды түкірік қабаттаса жүреді. Дауыс желбезектерінің созылмалы тітіркенуі дауыс тембріне, ол дауыс тазалығына, сыңғырлылығына әсер етеді, мұндай жағдай әсіресе қыздарда айқын байқалады. Темекі шегушіні бетінің солғын түсінен, шашының күйректігінен, сарғыштанған саусақтарынан, ентігіп тыныстануынан тануға болады. Бұл симптомдар, әдетте, жойылмайды және бүкіл өмір бойы дерлік сақталады. Егер адам темекі шегуді тоқтатса ғана бұл симтомдар жылдар өте жойылуы мүмкін. Және бұл созылмалы ауруға айналып кетпеген жағдайда ғана. Темекіні әрбір сорғанда ағзаның ауаны қабылдауы бұзылады, сондықтан өмірлік маңызды физиологиялық процесстің бірі – тыныс алу бұзылады. Темекі - өлі бала туылуының немесе ақыл-есі кем, кемтар болуының себебі. Ал өкпе обыры ауруымен сырқаттанғандардың 90 пайызы – темекі шегушілер.

 Ойлануға тұрарлық ақпарат

Шылым шекпейтін адам темекі шегушімен бір бөлмеде тұрғанда күніне 3 сигаретті белсенді тартқан адамдай, тіпті одан да астам зиянды, түтінді жұтады. Нәтижесінде, шылым шегушімен бірге тұратын немесе бірге қызмет істейтін адамдардың өкпе обырымен ауыру қауіпі 20-70 пайызға өседі. Темекі шегетін ата-аналарымен бірге тұратын 2 жасқа дейінгі балалардың өкпе ауруларымен, астматикалық жағдайлармен науқастануы 2 есе жиі кездеседі. Күніне 1 қорап сигарет шегетін адам жыл ішінде өкпесіне 30 канцерогенді заттары, соның ішінде бензопирені бар 700 грамм қарамай жұтады. Егер қоянның құлағына шылым шайырын жағып қойса, 3-4 айдан кейін онда обыр ісігінің өсуі басталады. Темекі шегушінің қанын сорған медициналық сүлік өліп қалады.

Егер шылым шегуді қойсаңыз

20 минуттан кейін қан қысымы мен тамыр соғуы қалыпқа түседі.

8 сағаттан кейін қандағы көміртек пен никотин деңгейі екі есе азаяды.

24 сағаттан кейін ағза көміртек тотығынан толық тазарады.

48 сағаттан кейін никотин ағзадан толықтай шығып, дәм мен иісті сезіну жақсарады.

72 сағаттан кейін тыныс алу қалыпқа келеді.

2-12 аптадан кейін қан айналымы жақсарады.

3-9 айдан кейін тыныс алудағы проблемалар түгелімен жойылады.

5 жылдан кейін жүрек ұстамасының пайда болу мүмкіндігі темекі шегушімен салыстырғанда 2 есеге азаяды.