AAA
Обычный Черный

Пациенттерге қолдау көрсету қызметі

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес көрсетілетін медициналық жәрдемнің сапасын жақсарту мақсатында біздің медициналық ұйымда директордың орынбасары Исенғазиева Клара Исмаковна жетекшілік жасайтын «Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі» жұмыс істейді.

Медициналық көмек көрсету тәртібінің бұзылу жағдайларын анықтау ҚЫЗМЕТТІҢ негізгі функцияларының бірі болып табылады.

Осыған байланысты, егер:

- Сіз көрсетілген медициналық көмектің сапасына риза болмасаңыз;

- Сіз медициналық персонал тарапынан дөрекілік байқасаңыз;

- Сіз тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызмет үшін медициналық персонал тарапынан ақша бопсалау фактілерімен кездескен болсаңыз;

- сондай-ақ, егер Сіз медициналық көмек көрсету сапасымен байланысты басқа да проблемалармен кездессеңіз

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНЕжүгінуге құқылысыз.

 

Сіз

* Жеке өзіңіз, ауызша немесе жазбалай,Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметінің басшысы Исенғазиева Клара Исмаковнаға күн сайын, сенбі және жексенбі күндерінен басқа, сағат 8.00-ден 16.30-ға дейін жүгіне аласыз.

* өзіңіздің аты-жөніңізді (Т.а.ә., телефон) көрсетіп, жазбалай өтінішіңізді бірінші қабаттағы диспансерлік бөлімнің тіркеу орнында және әрбір стационарлық бөлімшелердегі науқастардың туысқандарымен кездесетін бөлмелерінде орнатылған жәшіктерге қалдыра аласыз.

* біздің www.zko-ocpz.gov.kzсайтымыздың «Бас дәрігердің блогы» айдарына жолдай аласыз.

* 24-00-06 нөмірі бойынша Call-центрге хабарласа аласыз.

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІСіздің өтінішіңізді міндетті түрде қарайды және Сізге 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей қаралған өтінішіңіздің нәтижесі бойынша ақпарат береді.

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІНДЕ СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ бар,оған Сіз күн сайын, сенбі және жексенбі күндерінен басқа, сағат 8.00-ден 16.30-ға дейін хабарласа аласыз: 8(7112) 24-17-14