AAA
Обычный Черный

Сатып алу

Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар.

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы (Тапсырыс беруші) – БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» МКҚК Сізді тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырады.

Біздің сұраныстарымызды қарауды және өздеріңіздің баға ұсыныстарыңызды ОПДО МКҚК бухгалтериясына беруіңізді сұраймыз.

Ескерту: Әр әлеуетті жеткізуші мына мәліметтері көрсетілген бір ғана бағалық ұсынысын береді:

 

* әлеуетті жеткізушінің атауы, заңды және нақты мекен-жайы (заңды тұлға үшін), патенті мен жеке куәлігінің (төлқұжатының) нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы (жеке тұлға үшін), СТН және банк реквизиттері;

*жеткізілетін тауарлардың атауы, сипаттамасы және саны, атқарылатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы және көлемі;

* тауарлардың жеткізілетін, жұмыстардыңатқарылатын, қызметтердің көрсетілетін орыны мен мерзімі;

* ішіне енгізілген шығындар туралы мәліметтер көрсетілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер бірлігінің бағасы.

Конверт әкеліп тапсырушы өз құзыреттерін растайтын құжаттарды (сенімхат немесе ЖК тіркеу туралы куәлігі және жеке куәлігі) Тапсырыс берушінің өкілетті өкіліне тапсыруы тиіс.

 

Тауарлар жеткізу, жұмыстар атқару, қызметтер көрсетудің бағалық ұсыныстарының шарттары баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен (жазбаша шақыру) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы мемлекеттік тапсырыс ұйымдастырушының электронды хабарламасына орналастырған шарттарына қайшы келмеуі тиіс.

 

Әлеуетті жеткізуші баға ұсыныстары бар желімделген конвертінің хас бетінде көрсетуі тиіс:

 

* әлеуетті жеткізушінің толық атауы және пошталық мекен-жайы;

* мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының электронды хабарламасында және жазбаша шақыруында көрсетілген тиісінше мәліметтерге сәйкес келетін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы мен пошталық мекен-жайы;

* әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы бойынша қатысатын мемлекеттік сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер атауы.

 

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулармен, қорытындыларымен, хаттамаларымен және келісімдерімен танысады.