Телефон для справок: +7 (7212) 900 326

2022 жылы 18 тамызда  ШЖҚ «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» МКК  медициналық қызметкерлері арасында «АИТВ-ні кәсіби жұқтырудың алдын-алу. Авариялық жағдайлар», Қолданыстағы НҚА, инфекциялық бақылау саласында  НҚА өзгерістер енгізу тақырыбында семинар өткізілді. Баяндамашы Г.Б.Байменова өзінің сөз сөйлеуінде АИТВ инфекциясының алдын-алудың өзекті бағыттары туралы мәлімдеді. Медицина қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде туындауы мүмкін иммун тапшылығы вирусын жұқтыру қаупі туралы егжей-тегжейлі тоқталып өтті. "Дезинфекция, дезинсекция және дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы, "Қазақстан Республикасында стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы" ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы қаулысына енгізілген өзгерістер туралы,  ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы №16 Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары туралы қаулысы бойынша түсініктемелер берілді.

Семинарға қатысушылар облыста АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-ға тестілеу ережелері, қолданыстағы НҚА және енгізілген өзгерістер туралы туралы сұрақтар қойды.

Семинар слайдтарды, статистикалық деректерді қолжетімді түрде көрсетумен өткізілді.