Телефон для справок: +7 (7212) 900 326

17.08.2022 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты қолдау мақсатында ШЖҚ «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» МКК қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар жұмысына ұйымның дәрігерлері, медицина қызметкерлері қатысты.

Ұйымның заңгері А.С.Жұмағазиева өз баяндамасында  қызметкерлерді Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ережелері және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының негізгі тармақтарымен таныстырып өтті. Семинардың дәрістік бөлігінің жалғасы инженер-бағдарламашы А.С. Қайыржановтың баяндамасы болды, ол қызметкерлерге ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтаудың қажеттілігі мен маңыздылығы туралы еске салып, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға тоқталды.